«CompasTeleCom» ЖШС телекоммуникациялық компаниясы

Берекелі бағыттан ауытқыма!

Компания туралы

ЖШС «CompasTeleCom» Компаниясы телекоммуникациялық қызметтер нарығында 2011 жылдан бері жұмыс істейді. Ол өз клиенттеріне сымды және сымсыз байланыс технологияларын пайдалана отырып ғаламтор желісіне сапалы қол жеткізуді ұсынып келеді.

Одан өзге Компания талшықты оптикалық байланыс желісі бойынша қауіпсіз мәліметтерді беруді ұсына отырып банк терминалдарына қызмет көрсетеді. Бүгінгі күні компания Ақтөбе қаласындағы «Халық банкі » АҚ, «Сбербанк» АҚ, «Евразиялық банк» АҚ, «Forte Банк» АҚ, «АТФ Банк» АҚ және «ВТБ Банк» АҚ тәрізді ірі банктерге қызмет көрсетуде.

Сондай-ақ біздің қызметтерімізді танымал сауда маркаларының желілері де пайдалануда.

2017 жылдан бастап «Батыс-2» тәрізді жаңадан салынып, дамып келе жатқан шағын аудандарда « кең жолақты интернет технологиясы бойынша B2C сегментінде телекоммуникациялық қызметтерді ұсынудың тарату желісі қолданысқа енгізілді. Сонымен қатар 2018-2019 жылдары”Келешек” ықшам ауданы мен “Қарғалы” және “Ясное” селоларында бірнеше Радио релелік тарату бекеттері орналастырылды.

«CompasTeleCom» компаниясының жетістігінің кілті – сапалы қызмет пен ыңғайлы бағаларында болып отыр.

БАСТЫ БАСЫМДЫҚТАР:

Бостандық, жылдамдық, қол жетімділік

КОМПАНИЯ МИССИЯСЫ:

Елді-мекеннің қалалық инфрақұрылымнан алшақтығына қарамастан сымды және сымсыз байланыс технологиялары арқылы ақпараттық телекоммуникакциялық қызметтерді сапалы ұсыну.

Біздер мемлекет және бәсекелестер алдында айқын және әділетті жұмыс істейміз.

КЕЛЕШЕГІМІЗ:

Қазақстанның Батыс өңірінде телекоммуникация қызметін ұсынатын бәсекеге қабілетті провайдер

МАҚСАТ:

Мемлекет басшысының экономиканы цифрландыру саясатына қолдау көрсете отырып, жаңа технологияларды енгізу арқылы 2021 жылға дейін өңірлік провайдерге айналу және бәсекелестер арасында құрметті орынға ие болу.

ҰСТАНЫМЫМЫЗ:

Телекоммуникациялық мәселелерді шешуде әлеуетті клиенттердің әрқайсысына жақын болу.

БІЗГЕ СЕНІМ БІЛДІРЕДІ: