Әр төлеміңізден 7 теңге жетім балаларды оқытуға арналған «Ыбырай» қорына түседі
Құрметті CompasTeleCom абоненттері!
Бізді таңдап, CompasTeleCom қызметтерін пайдаланып жүргендеріңіз үшін алғысымызды білдіреміз.
Біз интернет қызметінің жылдам, тұрақты және сапалы болуын қамтамасыз ету үшін үнемі жұмыс істейміз: желіні дамытып, қуаттылықты арттырамыз, жабдықтарды жаңартамыз және техникалық қолдау сапасын жақсартамыз.
Жабдықтардың, байланыс арналарының, электр энергиясының және желіні күтіп ұстау шығындарының қымбаттауына байланысты, 2026 жылғы «01» қарашадан бастап тарифтік жоспарлардың құны өзгереді.
РРЛ технологиясы бойынша Интернет тарифтері:
«Конкурентный РРЛ» тарифі — айына 4 400 теңге.
«Базовый РРЛ» тарифі — айына 6 600 теңге.
«Премиум РРЛ» тарифі — айына 10 000 теңге.
Біз үшін тариф құнын өзгерту ғана емес, сонымен қатар осы бағаға сай үзіліссіз, жоғары жылдамдықпен және тұрақты интернет қызметін ұсынуды жалғастыру маңызды.
Түсіністік танытып, бізге сенім білдіргендеріңіз үшін рақмет!