Жеке тұлғаларға арналған жария шарт

телекоммуникация қызметтерін көрсетуге арналған жария шарт


«CompasTeleCom» ЖШС бас директорының

2025 жылдың 15 қыркүйек күнгі №27/П Бұйрығымен бекітілген

(2025 жылдың 16 қазаннан қолданысқа енгізіледі)


Жеке тұлғаларға телекоммуникация қызметтерін көрсетуге

ЖАРИЯЛЫ ШАРТ

Ақтөбе қ. 16.09.2025 ж.


Жеке тұлғаларға телекоммуникация қызметтерін көрсетуге жасалатын осы Жариялы Шарт (мұнан әрі – Шарт), әрі қарай «Оператор» деп аталатын «CompasTeleCom» Жауапкершілігі шектеулі Серіктестігінің осы Шарт талаптарына қосылатын, мұнан кейін «Абонент» деп аталатын тұлғаға телекоммуникация қызметтерін көрсетуінің жалпылама талаптарын анықтайды. Шарт бойынша Абонент пен Оператор «Тараптар» деп аталады.

1. Шарттың мәні

1.1. Шарттың талаптары бойынша Оператор Абонентке телекоммуникация қызметтерін (мұнан әрі – Қызметтер) көрсетеді, ал Абонент көрсетілген қызметтерді уақытылы және толық көлемде төлеуге міндеттеледі.
1.2. Осы Шарт Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес қосылу шарты болып табылады. Осы Шарт талаптарын Оператор Қазақстан Республикасының әрекет етуші заңнамасына және Лицензиясына сәйкес өз бетінше белгілейді және оларды Абонент аталмыш Шартқа тұтастай қосылу жолымен қабылдайды. Абонент Осы Шарттың талаптарымен келіспеген жағдайда Операторға осы жариялы Шартта көрсетілген мерзімде жазбаша өтініш беру жолымен бұл Шартты бұзуға құқылы.
1.3. Көрсетілетін Қызметтер тізбесі Абоненттің осы Шартқа қосылу туралы Өтінішінде (Шартқа № 1 Қосымша) (мұнан әрі – Өтініш) және/немесе осы Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын, Абоненттің Қызметті қосуға деген еркін білдіретін басқа да құжатта көрсетіледі.
1.4. Абонентің Өтінішке қол қоюы оның осы Шарттың талаптарымен сөзсіз келісуін және оған жалпы тұтастай қосылуын білдіреді.
1.5. Осы Шарт барлық Абонентерге бірдей таралады және Абонентпен бұрын жасалған телекоммуникация қызметтерін көрсету туралы шарттың орнын алмастырады. Осы Шарттың жарияланған мерзімнен бастап Абонентке Қызмет көрсету жағдайлары осы Шарт талаптарына сай анықталады. Бұл ретте (бұрыннан бар абоненттер үшін) Өтінішке қол қою/қайта қол қою қажет болмайды. Аталмыш Шарттың талаптарымен келіспеген жағдайда Абонент (бұрыннан бар абоненттер үшін) Оператордың www.compastelecom.kz сайтында Шарттың бірінші жарияланған уақытынан 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде Операторға осы Шарттың талаптарына қосылудан бас тартатындығы туралы жазбаша түрде хабарлауы тиіс. Абоненттің осы Шарттың талаптарына қосылуынан бас тартатындығы туралы өтініштің Операторға келіп түспеуі, Абоненттің осы Шартта көрсетілген талаптарды орындау бойынша әрекеттерді жасаумен теңдестіріліп, оның осы Шарт талаптарын сөзсіз қабылдауын және оның осы Шартқа тұтастай қосылуын білдіреді.
1.6. Осы Шарттың талаптары бойынша Абонент Оператордың немесе үшінші тараптардың қызмет көрсетуінің өзі таңдап алған тарифтік жоспарына және шарттарына сай келетін Қызметтерді пайдаланады және ол Қызметтерге осы Шартта көрсетілген тәртіппен және талаптармен төлем жасайды. Жеке тұлғаларға Қызмет көрсетудің жан-жақты сипаттамасы, тәртібі мен Қызметтердің тарифтері Оператордың www.compastelecom.kz Интернет-ресурсында  жарияланған. Егер Оператор осы Шартта көрсетілген тәртіппен Қызмет көрсету тарифтерін өзгерткен жағдайда Абонент оларды іске қосу мерзімі аяқталғанға дейін Операторға өзгерген тарифтермен келіспеу туралы өтініш бермесе және Қызметтерді пайдалануды, көрсетілген Қызметтер үшін төлем жасауды жалғастыра берсе, мұндай іс-әрекеттер Абоненттің осы өзгерістермен келісетіндігін білдіреді.

2. Байланыс қызметін көрсетудің жалпы талаптары

2.1. Оператордың көрсететін қызметтерін Абонент тек өзінің жеке, отбасылық және басқа да кәсіпкерлік қызметпен байланысты болмайтын қажеттіліктеріне пайдалана алады, олар лотерея, дауыс беру, конкурстар, викториналар, жарнамалар, сауалнамалар, жаппай хабарламалар жіберулер және т.б. жүргізуге пайдаланылмауы тиіс.
2.2. Осы Шартқа жаңа Абоненттердің қосылуы және/немесе басқа да Қызметтерді қосу мына талаптар жиынтығын орындау кезінде мүмкін бола алады:
1) Абоненттің өз өтінішінде көрсеткен бастапқы деректері негізінде оған Қызметтер көрсетуге техникалық мүмкіндіктер бар болса;
2) Егер Абоненттің Қызметке жазылу кезінде көрсеткен бастапқы деректері дұрыс болса;
3) Абонент талап етілетін құжаттардың толық пакетін ұсынса;
4)Абонент пен Оператор арасында қызмет көрсетуге қатысты жасалған өзге Шарттар бойынша Абоненттің бережағы болмаса.
2.3. Жаңа абоненттерден Оператор Қызметтеріне қосылуға берілетін барлық өтінімдер + 7 776- 074-1715 нөмірі бойынша қабылданады.
2.4. Абонентке оның меншік құқығы жоқ тұрғын жайда Қызмет көрсеткен жағдайда, Оператор Абонентке төмендегі тізбедегі құжаттардың кез-келгенінің негізінде алғытөлем жасау әдісі бойынша қызмет көрсетеді:
1) Абонент пен тұрғын жайдың меншік иесі арасында жасалған жалға алу, қосалқы жалға алу, тегін пайдалану, сенімгерлік басқару және басқа да Шарттары;
2) тұрғын жайды пайдалануға негіз болатын өзге де құжат;
3) Тұрғын жай иесінің Қызметтер көрсетуге жазбаша келісімі.

3.Шарттың күшіне енуі мен оның әрекет ету мерзімі

3.1. Осы шарт оның Оператордың www.compastelecom.kz Интернет-ресурсында жарияланған (бұрыннан тіркелген Абоненттер үшін) немесе Абоненттің № 1 Қосымшаға сәйкес берген Өтінішінің көрсетілген күнінен бастап күшіне енеді және Қазақстан Республикасының әрекет етуші заңнамасында және осы Шартта көрсетілген тәртіппен бұзылған кезіне дейін әрекет етеді.
3.2. Аталмыш шарт Абонент осы Шартта және Қазақстан Республикасының әрекет етуші Заңнамасында қарастырылған шарттарды бұзған жағдайда Оператордың тарапынан бір жақты тәртіппен бұзылуы мүмкін.
3.3. Осы Шарт Абоненттің жазбаша түрде (Шарттың № 3 қосымшасы) Шарттың бұзылу күніне дейін 30 күнтізбелік күннен кем емес уақыт ішінде ұсынған бастамасымен, ол Операторға көрсетілген Қызметтер бойынша бережақтарын төлеген және абоненттік жабдықтарды қайтарған жағдайда, бұзылуы мүмкін. Бұл ретте осы Шарт Абоненттің бастамасымен, ол осы Шартқа қосылған кезден (қызметтерге қосылған кезден) бастап 12 (он екі), 24 (жиырма төрт), 36 (отыз алты) кезектесті айда бұзылған жағдайда – Абонент Операторға интернет желісіне қол жетімлікті қосқаны үшін, тариф пен Шарттың мерзіміне байланысты 12 000 (он екі мың), 15 000 (он бес мың), 18 000 (он сегіз мың) теңге мөлшеріндегі бір реттік төлемді қайтаруға міндетті.
3.4. Оператор Қазақстан Республикасының заңнамаларын және осы Шарттың ережелерін басшылыққа алып, Шартқа өзгерістер және/толықтырулар енгізе алады, бұл өзгерістер мен/немесе толықтырулар өз күшіне енуінен 30 (отыз) күнтізбелік күннен кеш емес аралықта Шарттың өзгерген редакциясын Оператордың www.compastelecom.kz сайтында орналастыру жолымен жүзеге асырылады. Абонент өзгерістер мен/немесе толықтырулармен келіспеген жағдайда осы өзгерістер мен/немесе толықтырулардың өз күшіне енген күніне дейін Операторға жазбаша өтініш (келісімшарттың № 3 қосымшасы) жазып осы Шарттан бас тартуға құқылы.
3.5. Мәмілесіз шарттар тұтынушының өтініші бойынша қосымша міндеттемелерсіз автоматты түрде бұзылады. Тұтынушы компанияны оны бұзу мерзімінен 30 күнтізбелік күннен кем емес уақытта жазбаша түрде хабардар етуге міндетті.

4. Көрсетілген қызметтер үшін есептесудің тәртібі, мерзімдері мен түрлері

4.1. Көрсетілетін қызмет үшін төлем жасау түрлерін (несиелік, алғытөлемдік төлем түрі) Абонент Өтінішке қол қою кезінде көрсетеді (Шартқа № 1 Қосымша).
4.1.1. Алғытөлемдік:
4.1.1.1. Алғытөлем түріндегі аталмыш төлем тәсілі, онда Абонент телекоммуникациялық қызметті (Интернет, телефон) қосқандығы үшін бір уақыттық төлем және ай сайынғы төлемнің 1 (бір) айының құнын оны нақты қосқанға дейін 3 (үш) күн бұрынтөлейді.
4.1.1.2. Бұл ретте Қызметті пайдалану үшін төлем ағымдағы айдың соңғы күніне дейінгі мерзімде ай сайын жүргізіледі. Әр айдың алғашқы күні Абоненттің жеке есебінде бір айлық абоненттік төлемнен аз емес сома болуы керек.
4.1.1.3. Әр айдың бірінші күніне дейін алғытөлемдік төлем болмаған жағдайда (жеке есептегі қалдық бір абоненттік төлем көлемінен аз болса) осы Шарт автоматты түрде бұзылады, Қызмет алынып тасталады.
4.1.1.4. Абонент тоқтатылған қызметті қосу үшін оның тоқталғанынан кейінгі бір ай ішінде бір мезеттік төлем жасамай-ақ, абоненттік төлемді төлеу арқылы ұсынылатын Қызметті жаңғырта алуға құқылы.
4.2.1. Несиелік төлем түрі:
4.2.1.1. Абоненттің нақты қолданылған Қызметтер үшін немесе провайдердің ұсынған есептер хабарламасы бойынша төлейтін, есеп беріліп отырған айдан кейінгі айдың 10 (оныншы) күні, төлем чегін көрсету арқылы жүргізілетін ай сайынғы (бірінші қондырған уақыттағы бір реттік) төлем түрі.
4.2.1.2. Қызметтің ай сайынғы құнын төлеу құзырлы өкілдің қолы қойылып, көрсетілген қызметтердің актісіне және ұсынылған хабарламалық шоттарға сәйкес есеп беріліп отырған айдан кейінгі айдың 10 (оныншы) күніне дейінгі мерзімде жүргізілуі тиіс.
4.2.1.3. Көрсетілген Қызметтердің Актілері мен шоттарын Оператор Whatsapp, Telegram мессенджерлері, электронды пошталар арқылы есеп берілетін айдан кейінгі айдың 10 (оныншы) күніне дейін жібереді.
4.2.1.4. Шоттарды ұсыну күні есеп берілетін айдың соңғы күніне сәйкес келуі тиіс.
4.3. Абонентке ай сайын көрсетілген Қызметтер үшін төлем шоты ұсынылады. Қызметтер үшін төлемнің сомасы көрсетілген Қызметтердің құнын, басқа есептеулерді, төлемдерді, алдыңғы уақыттан қалған қарыздарды, өсімақыларды ескере отырып анықталады.
4.4. Төлем шоты Абонентке кез-келген қол жетімді тәсілмен (Абоненттің қалауы бойынша қағаздық тасымалдаушы түрінде немесе электронды түрде (электронды пошта, Whatsapp, Telegram мессенджерлері, жеке кабинет арқылы)) ұсынылады.  
4.5. Абонент төлем шотын толықтай төлемесе, жүргізілген төлем сомасы мына тәртіппен бөлінеді:
1) өсімақыны төлеу;
2) мерзімі өткен қарызды төлеу;
3) ағымдағы бережақты төлеу.
4.6. Алғытөлемдік төлем тәсілі кезінде:
1) Абонент айдың 1-күні көрсетілетін Қызметтер үшін ай сайынғы тиянақталған төлем сомасынан кем емес соманың өзінің дербес шотында болуын қамтамасыз етуге міндеттеледі;
2) Абоненттің дербес шотындағы қалдық көрсетілетін Қызметтер үшін ай сайынғы төлемнің тиянақталған сомасынан аз болған жағдайда, Оператор Қызмет көрсетуін тоқтатады;
3) Қызметтерге қайтадан қол жетімділікті жаңғырту Абоненттің дербес шотынаҚызметтер үшін ай сайынғы тиянақталған төлемге тең немесе онан кем емес мөлшердегі алғытөлем жасалған, болмаса Абоненттің алғытөлем жасағандығы туралы құжатын көрсеткеннен кейін ғана жүргізіледі;
4) Осы Шарт Абоненттің бастамасымен бұзылған жағдайда алғытөлем сомасы (ол болған жағдайда) осы Шарттың бұзылған күнінен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде Абоненттің көрсеткен шотына аударылады, болмаса Абоненттің өтініші бойынша басқа дербес шотқа көшіріледі.
 4.7. Тарифтік жоспарлар, олардың әрекет ету мерзімдері, оларға қамтылған Қызметтер көлемі, басқа да талаптар Оператормен анықталады және Оператор тарапынан осы Шартта белгіленген тәртіппен өзгертілуі мүмкін. Үшінші тарап тұлғаларының қызметтерді ұсыну талаптары аталмыш қызметтерді ұсынушылармен анықталады және қызметтерді ұсынушылардың белгілеген тиісті тәртіптермен өзгертілулері мүмкін.
4.8. Қызметтер үшін төлем KASPI.KZ немесе Halyk мобильді қосымшасының көмегімен қолма-қол емес тәртіппен, сондай-ақ Оператордың кассасына төлеу арқылы қолма-қол түрде жүргізіледі.
4.9. Көрсетілген Қызметтер үшін ұсынылатын шоттарды алмау Абонентті көрсетілген Қызметтер үшін төлем жасау міндетттерінен босатпайды.
4.10. Қызметтерге қате төлем жасаған жағдайда ақша қаражатын қайтару жүзеге асырылмайды. Сома тұтынушының дербес шотына қайта бағытталып, келесі төлемдерді жүргізуге қолданылуы мүмкін.

«5. Тараптардың міндеттері, құқықтары мен жауапкершіліктері

5.1. Оператор міндетті:
1) -з құрал-жабдықтарының көмегімен көрсетілетін Қызметтердің санын есепке алуға және сапасын қадағалауға, Қызмет көрсетудің бұзылуларының алдын алу мен жоюдың шараларын дер кезінде қабылдауға;
2) Абоненттің төтенше шақырту, шұғыл медициналық, құқық қорғаушылық, өрт қауіпсіздігі, апаттық және Қазақстан Республикасының Үкіметі анықтаған тізбеге сай өзге де төтенше жәрдем қызметтеріне, олардың Операторда болған жағдайында тегін қосылуын қамтамасыз етуге;
3) Абоненттің өтінімі бойынша Оператордың кінәсінен туындап, Қызметті пайдалануға кедергі болатын ақауларды белгіленген мерзімде және тиісті деңгейде жоюға;
4) осы Шартта белгіленген тәртіппен Абонентті Қызмет көрсету шарттарының және Осы Шарттың өзге де талаптарының өзгергендігі туралы хабардар етуге;
5) Абонеттің кінәсінен туындамаған байланыстың болмауы жағдайында Қызмет көрсету үшін алынатын абоненттік төлемдерді қайта есептеуге, ол зақымдалуды жою мерзімдері абоненттің бастамасымен создырылған жағдайларда жүргізілмейді;
6) Абонентке өзге байланыс операторлары көрсететін қала аралық, халықаралық байланыс қызметтерін, егер олар Операторда болған жағдайда алуға мүмкіндік беруге;
7) тиісті өтініштер негізінде абоненттік жабдықты мәліметтер беру қызметтерінің орналасқан мекен-жайы бойынша баптауды жүргізуге және олардың жұмыс жасау қабілеттерін тексеріп, көрсетуді жүзеге асыруға. Мұндай қызметтер құны Оператордың бағанамасына сәйкес анықталады;
8) Абоненттің жеке кабинетінде оның бастапқы авторлануынан кейінгі бірінші сәйкестендіру кодын қайтадан пайдалану мүмкіндігінің алдын алуға;
9) Абоненттің өзі таңдаған тарифтік жоспарының шарттарына сәйкес, оның өз торабына дейінгі мәліметтердің берілуінің сапасы мен жылдамдығын қамтамасыз етуге;
10) көрсетілген Қызметтер үшін айына бір рет төлем шотын ұсынуға;
11) қайталама телефон соғу арқылы телефондық кеңестер алу мүмкіндігін ұсынуға;
12) Абоненттің өтініші бойынша (Контакт орталығының телефондары бойынша ауызша түрде, Оператордың ресми сайттарының кері байланыс қалыбы арқылы электронды түрде) Оператордың жауапкершілікті аймағындағы орналасқан залалдарды жоюға;
13) осы шарт негізіндегі Қызметтерді дер кезінде төлемегендіктері үшін Қызметтің қол жетімділігі жабылып қалған жағдайда, бережақ сомасының және басқа да төлемдердің (оның ішінде өсімпұлдардың да) Абоненттің дербес шотына түскенінен немесе оның бережақтың жабылғандығы туралы құжатты ұсынған кезінен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде Қызметке қол жетімділікті ашуға;
14) Абоненттің талап етуі бойынша Қызмет көрсетумен байланысты ақпаратты ұсынуға;
15) жаңа автоматты стансалардың енгізілуіне және жергілікті телефон желілерінің жаңғыртылуына байланысты абоненттік номерлер алмасқан кезде, осы қайта қосылулардың белгіленген күніне дейін 30 (отыз) күнтізбелік күннен қалмай Абонентті алдағы қайта қосылымдар туралы хабардар етуге. Абоненттік номерлерді жаппай өзгертулер кезінде Абоненттерді бұқаралық ақпарат құралдары арқылы қайталап қосулардан 30 (отыз) күннен кем емес уақыт ішінде хабардар етуге. Оператордың бастамасымен абоненттік номерлерді ауыстыру тегін жүргізіледі.
16) Абонентке сақтауға берілген абоненттік жабдықтың ұрлануы жағдайында, құзырлы құқық қорғау органынан алынған тиісті құжат ұсынылса, онан құрал-жабдықтың құнының орнын толтыруды талап етпеуге. Алайда, бұл жағдай (ұрлық) қайталанатын болса, Абонент Операторға шығынның орнын өзі толтыруға міндеттеледі.
5.2. Абонент міндетті:
1) Оператордың көрсеткен қызметтеріне жасалған төлемдерін, сондай-ақ басқа да аударымдарды, төлемақыларды, өсімпұлдарды және алдыңғы кезеңдердің қарыздарын (оның ішінде Абоненттің төлем жасамау кінәсінен Қызметтердің болмау мерзіміне төленген төлемдерді қоса алғандағы соманы да) дер кезінде және толық мөлшерде жүргізуге; Оператор тұрақсыздық айыппұлын төлеу есебін ұсынған кезде Абонент төлемді 10 (он) жұмыс күні ішінде жүргізуі тиіс. Оператор осы Шартпен анықталған негізгі қарыз сомасын, сондай-ақ, тұрақсыздық айыппұлын төлемеген жағдайда Абонентке он (10) күннен кем емес жұмыс күні ішінде ескерту жасап, Қызметтер көрсетуді тоқтату құқығын өзіне қалдыра алады.
2) Қызметтерді пайдалану бойынша белгіленген техникалық талаптарды орындауға, Оператордың құрал-жабдықтарын және байланыс желілерінің бұзылуы мен бүлінуіне әкелетін іс-әрекеттер жасамауға, жергілікті телекоммуникация желілеріне жарақсыз, сәйкес келу сертификаттары жоқ абоненттік терминалдар мен жабдықтарды (модемдерді, SIP-терминалдарын, VOIP-шлюздерін, бағдарламалық телефондарды және т.б.) қоспауға;
3) Қызметтерді пайдалану кезінде туындаған жарақсыздықтар туралы жедел хабарлауға, Оператордың талап етуі бойынша оны Қызметтер алу үшін қолданылатын терминалдың типі туралы хабардар етуге;
4) Терминалдар мен байланыс құралдары орналасқан жайларға және территорияларға, оларды қарау, жөндеу, жаңғырту мен техникалық қызмет көрсету үшін Оператордың өкілдерінің енуін қамтамасыз етуге;
5) Операторға бір ай мерзімде өзінің кететіндігі, телефон қондырылған тұрғын жайлардан көшетіндігі, тегінің, атының, әкесінің атының ауысқапндығы, мекен жайының өзгергендігі туралы хабарлауға;
6) өзінің тұрғын жайындағы абоненттік желілерді, терминалды және абоненттік құрал-жабдықтарды (WI-FI роутерді (модемді), STB-қондырғысын және т.б.) жарақты ахуалда күтіп ұстауға;
7) Абоненттің авторизациялық, аутентификациялық мәліметтері мен сәйкестендіру кодын үшінші тұлғаларға жария етпеуге, өз ресурстарын баптау бойынша, осы ресурстарды үшінші тұлғалардың арам пиғылда қолдануына кедергі болуға, аталмыш мәліметтерді үшінші тұлғалардың Интернетке қол жеткізуге қажетті құпия сөзді және жеке кабинетке қол жетімділіктің құпия сөзін тұрақты өзгертуі мақсатында рұқсатсыз қолдануына жол бермеуіне қатысты тиісті іс-шараларды қабылдауға. Мәліметтерді рұқсат етілмеген түрде пайдалану оқиғаларын анықтаған кезде бұл туралы  https://www.compastelecom.kz; сайтында орналасқан Оператордың байланыс телефондарына хабарлауға.
8) Осы Шарт бойынша өз құқықтары мен міндеттерін өзге тұлғаларға Оператордың жазбаша келісімінсіз бермеуге, Қызметтерді үшінші тұлғаларға сатпауға, Операторға материалдық залал келетін дауыс трафигін (оныфң ішінде ІР-телефонияның трафигін) рұқсат етілмеген генерациялауды жүзеге асырмауға, Қызметтерді өзге абоненттердің мазасын алуға, адамның қадір-қасиетін қорлайтын, зорлық-зомбылық пен экстремизмді насихаттайтын, нәсілдік, ұлттық және діни өшпенділікті қоздыратын, бұзақылық немесе алаяқтық мақсаттарды көздейтін материалдарды тарату мақсатында пайдалануға жол бермеуге;
9) Қызметті дауыс трафигін (оның ішінде ІР-телефонияның трафигін) рұқсат етілмеген генерациялау мақсатында қолданған жағдайда Оператордың шығындарын толықтай мөлшерде өтеуге;
10) Осы Шарттың әрекет етуі бұзылған жағдайда Операторға Абоненттік жабдықтарды жарақты ахуалда және тиісті түрде Қызметтен бас тарту туралы өтініш берген күні, не болмаса Қызметтерді сөндірудің жоспарланған күні қайтаруға – бұлай болмаған жағдайда Операторға жабдықтарды қабылдау-тапсыру актісінде көрсетілген олардың құнын өтеуге (Шарттың № 2 Қосымшасы);
11) Қызметтер мен абоненттік жабдықтарды Өтініште көрсетілген мекен-жайдан Оператордың тиісті келісімінсіз өз бетінше көшіруді жүзеге асырмауға;
12) SIP-аккаунтты тек Өтініште көрсетілген мекен-жай бойынша ғана пайдалануға;
13) Оператордың желісі бойынша Қазақстан Республикасының әрекет етуші заңнамаларына, сондай-ақ, халықаралық заңнамалар талаптарына сәйкес таратуға тыйым салынған ақпараттарды жібермеуге;
14) Оператордың https://www.compastelecom.kz сайтындағы көрсетілген осы Шарттың шарттарының өзгерістері, тарифтердің, желідегі апаттар мен оларды жою мерзімдері және т.б. хабарламалардың болуын тұрақты түрде тексеріп отыруға;
15) Қызметтерден бас тарту жағдайында, осы шартты бұзудан 30 (отыз) күнтізбелік күннен кем емес уақыт аралығында бұл туралы Операторға жазбаша түрде (Шарттың № 3 Қосымшасы) ескертіп, оған Осы Шартты бұзу күніне дейінгі көрсетілген қызметтер үшін бережақтарды дербес шот бойынша төлеуге. Бұл ретте осы Шарт Абоненттің бастамасымен ол осы Шартқа (қызметтерге қосылған) қосылғаннан 12 (он екі) кезектесті ай ішіндегі мерзімде бұзылған жағдайда – Абонент операторға Интернет желісіне қосылғандығы үшін 12 (он екі), 24 (жиырма төрт, (36 (отыз алты) кезектесті ай уақыттағы, бір реттік төлем сомасын қайтаруға міндеттеледі – Абонент Операторға тариф пен Шарт мерзіміне байланысты 12 000 (он екі мың), 15 000 (он бес мың), 18 000 (он сегіз мың) теңге мөлшерінде интернет желісіне қосылғандығы үшін бір реттік төлем сомасын қайтаруға міндетті. 
16) Жабдықтардың немесе Оператордың бағдарламалық қамтамасыз етуінің баптауларын өзгерту бойынша немесе олардың жұмысын бұзуға әкелетін өзге де іс-әрекеттерді жүзеге асырмауға;
17) Оператордың немес оның құзырлы өкілінің рұқсатынсыз, Қызметтің көмегімен авторлық және басқа да құқықтармен толықтай немесе ішінара қорғалған бағдарламалық қамтамасыз етілулерді, не болмаса өзге де материалдарды жібермеуге, жарияламауға, бермеуге және таратпауға;
18) Оператордың желі ресурстарына рұқсат етілмеген ену фактілеріне, желілік шабуылдар мен желі бұзуларын жүргізуге немесе оларға қатынасуға, оның ішінде Абонентке тиесілі емес Оператор желісінің бөліктерінің (компьютерлердің, басқа да жабдықтың немесе ақпараттық ресурстың) қалыпты жұмыс жасауын бұзуға бағытталған әрекеттерге; бағдарламалық қамтамасыз етудің иелерінің немесе осы ақпараттық ресурстың әкімшілерінің келісімінсіз артықшылықпен (компьютерге, басқа да жабдыққа немесе сурсқа) қол жетімділікке қол жеткізуге және мұндай қол жетімділікті (Абонентке тиесілі емес бағдарламалық қамтамасыз етілулерді немесе мәліметтерді) кезектесті пайдалануға жол бермеуге;
19) жауапкершілікпен сақтауға тапсырылған жабдықты жоғалтқан кезде, егер осы Шартта басқа жол қарастырылмаса, Операторға оның жабдықтарды қабылдау-тапсыру актісінде (Шарттың № 2 қосымшасы) көрсетілген толық құнын, төлеуге, ал жабдықтар зақымдалса, Операторға оларды жөндеуге кеткен соманы қайтаруға немесе жабдықтарды өз күшімен және өз қаражатының есебінен жөндеуді қамтамасыз етуге;
20) Тұтынушыға алғашқы 3 ай ішінде жеңілдік ұсынылған Шарт бұзылған жағдайда, тұтынушы базалық тариф негізіндегі қызметтердің толық құнын шарттың жасалған күнінен бастап қайтаруға міндетті.
5.3. Оператордың құқығы:
1) Қазақстан Республикасының әрекет етуші заңнамаларына, байланыс саласындағы басқа да нормативтік құжаттар мен техникалық талаптарға сәйкес Абоненттің сақтауға міндетті болатын талаптарын орнықтыруға;
2) көрсетілген Қызметтер үшін дер кезінде және толық көлемде ақы алуға;
3) Абоненттің жабдықтарды пайдалануының ережелерін бұзған, телекоммуникация желісінде сертификатталмаған жабдықтарды пайдаланған, сондай-ақ, профилактикалық және жоспарлы жұмыстарды жүргізу кездерінде, апаттық жағдайларда немесе азаматтардың өмірі мен қауіпсіздігіне қатер төнген сәттерде Қазақстан Республикасының әрекет ететін заңнамаларында көрсетілген тәртіппен Қызмет көрсетуді тоқтатуға немесе шектеуге;
4) Қазақстан Республикасының әрекет етуші заңнамаларында көрсетілген тәртіпте осы Шартты орындау, сондай-ақ, ақпараттық-анықтамалық қызмет көрсету мақсатында Абоненттің дербес мәліметтерін жинау мен өңдеуге;
5) Абонент Оператордың қызметтерін осы Шарттың 4 бөлімінде белгіленген мерзім ішінде төлемеген жағдайда, сондай-ақ, Абоненттің осы Шарттың басқа да шарттарын бұзған жағдайында Қазақстан Республикасының әрекет етуші заңнамаларында қарастырылған тәртіппен оның телекоммуникация желілеріне қол жетімділігін тоқтатуға. Телекоммуникация желілеріне қол жетімділікті жаңғырту бережақты толықтай өтегеннен немесе осы Шарттың талаптарының бұзылуын жойғаннан кейін барып жүзеге асырылады;
6) Абонент осы Шарттың 4 бөлімінде белгіленген мерзім ішінде бережақтарын төлей алмаса, мерзімі өткен төлемнің әрбір күні үшін бережақ сомасының 0,5% мөлшерінде өсімақы қосылып отырады;
7) Абонентке туындаған бережақтары үшін оларды мәжбүрлі түрде қайтару жүргізілетіндігі немесе осы Шартты бұзу қажеттігі туындағаны туралы хабарламаны кез-келген жолмен жіберуге. Бұл Шарттың бұзылуы Абонентті бережақ және онан туындаған өсімақы төлеуден құтқармайды;
8) Абонент Қызметтерді төлеу туралы міндеттемелерін бұзған жағдайда, Абонентке бережақ қарызды қайтару туралы хабарламаны кез-келген жолмен беруге, сондай-ақ, мұндай бережақтарды талап етуге үшінші тұлғаларды тартуға. Бұл жағдайда Абонент Оператордың үшінші тұлғаларға Абоненттің алған Қызметтерінің құны, бережақ мөлшері, Абоненттің бережағы бар екендігін растау туралы құжаттарды және бережақты өндіріп алу үшін қажетті өзге де ақпараттарды қамтитын Абонент туралы басқа да мәліметтерді беруіне келіседі.
9) Абоненттің Қызметтерді төлеу бойынша міндеттемелерін бұзған жағдайында Абонент туралы мәліметтерді несие бюросына беруге. Абонент Оператордың несие бюросына Абонент туралы мәліметтерді беруіне және несиелік бюроның Оператор мен банктерге Абонент туралы несиелік есепті, сондай-ақ, Тараптардың осы Шартта көрсетілген өз міндеттемелерін  орындауларымен байланысты ақпараттарды беруіне келіседі;
10) Егер Абонентке Қызметтерді ұсыну үшінші тұлғалардың қызметтерін қамтитын пакетте жүзеге асырылатын болса (кабельді/сандық телевизия және т.б.), өсімақыны осы Шарт негізінде қызметтер пакеті бойынша қосуға;
11) абоненттік терминалдар мен байланыс құралдарына техникалық инспекция жасауға, жарақсыз, сәйкестілік сертификаты жоқ терминалдарды сөндіруге;
12) Абонент осы Шарттың өз мәртебесін өзгерту, Қызметтерді төлеуге қатысты жеңілдіктер алу немесе оларды жоғалту жағдайларына қатысты талаптарын бұзған кезінде бір жақты тәртіппен көрсетілген Қызметтердің құнын қайта есептеуді жүргізуге;
13) Егер Абоненттің жекеленген іс-әрекеттері желінің қалыпты жұмыс жасауына қауіп төндірген және/немесе осы Шарт пен оның қосымшаларында қарастырылған талаптарды бұзған жағдайда, оның мұндай іс-әрекеттерін толықтай және ішінара шектеуге;
14) тарифтерді, Қызмет көрсету шарттарын, төлем мерзімдерін, Қызметтердің тізбесін, түрлерін және құрамын, осы Шарттың басқа да талаптарын бір жақты өзгертуге, мұндай өзгерістер туралы https://www.compastelecom.kz сайтында осы өзгерістердің күшіне енуіне дейін 15 (он бес) күнтізбелік күннен кем емес уақытта хабарламалар жариялауға;
15) Абоненттің осы Шарттың талаптарын бұзуының нәтижесінде келтірілген зиянның орнын толтыруды талап етуге, сондай-ақ, Операторға тиесілі құрал-жабдықтарды Абоненттің бұзылған талаптарды жойғанына дейін қайтып алуға және/немесе осы Шартты бір жақты тәртіппен бұзуға;
16) Абонентке бережағының бар екендігі, төлем жасау қажеттілігі немесе өтініштерді қарау нәтижелері, тарифтердің өзгеруі және т.б. туралы хабарлауды Абоненттің электронды мекен-жайына жіберу немесе заңмен тыйым салынбаған өзге де жолдармен жүзеге асыруға;
17) Абоненттің қалауы бойынша оған тегін пайдалану шарттарымен Оператор меншігіндегі және үшінші тұлғалар алдындағы барлық міндеттемелерден бос, жарақты күйдегі және жабдықтарды қабылдау-тапсыру актілері бойынша пайдалануға дайын абоненттік жабдықтарды беруге (Шарттың № 2 қосымшасы);
18) толықтай аударылмаған бережақтары анықталған жағдайда, Абонентке жеткіліксіз төленген сома туралы хабарлауға. Аталмыш ереже осы Шарт бұзылған, бірақ оның бұзылу мерзіміне бір ай толмаған Абоненттерге де қатысты қолданылады.
5.4. Абоненттің құқығы бар:
1) Телекоммуникация қызметтерін оған қажетті көлемде рұқсат етілген жүктемелер шегінде пайдалануға және белгіленген сападағы Қызметтерді алуға;
2) Қазақстан Республикасының әрекет етуші заңнамасында көрсетілген тәртіппен Оператордың Қазақстан Республикасының әрекет етуші заңнамасына қайшы келетін іс-қызметі туралы шағымдануға;
3) Абоненттік терминалдың жұмыс жасамаған, Абоненттің кінәсінен туындамаған Интернет желісіне қол жетімділік болмаған мерзім үшін абоненттік төлемдерді қайта есептеу жүргізуді (жазбаша түрде) талап етуге;
4) Шұғыл шақырту жүйесінің операторын, шұғыл медициналық, құқық қорғаушылық, өрт қауіпсіздік, апаттық және басқа да Қазақстан Республикасының Үкіметі анықтаған тізбемен анықталатын қызметтерді шақырту үшін, телефон байланысын олар Операторда болған жағдайда тегін пайдалануға;
5) Оператордан реквизиттер, жұмыс режимі, көрсетілетін Қызметтер, техникалық қызмет көрсетумен қамтамасыз ету тәртібі туралы қажетті ақпараттарды беруді талап етуге;
6) осы Шартты бұзғанға дейін 30 (отыз) күнтізбелік күннен кем емес уақыт ішінде Операторды хабардар етіп (Шарттың № 3 Қосымшасы), оған осы Шарттың бұзылу күніне дейін туындаған бережақтарды, сондай-ақ, Қызмет көрсетумен байланысты нақты кеткен шығындарды төлеп, егер Оператор мен Абонент арасында өзге де жекеленген келісімдермен қарастырылмаса жабдықтарды (егер Оператор мұндай жабдықтарды жауапкершілікті сақтау немесе жалға беру шарттарымен ұсынған болса)қайтара отырып осы Шартты бір жақты тәртіппен бұзуға. Бұл ретте осы Шарт Абоненттің бастамасымен ол осы Шартқа (қызметтерге қосылған) қосылғаннан 24 (жиырма төрт) кезектесті ай ішіндегі мерзімде бұзылған жағдайда – Абонент операторға Интернет желісіне қосылғандығы үшін 12 (он екі), 24 (жиырма төрт), 36 (отыз алты) кезектесті ай ішіндегі уақытта, бір реттік төлем сомасын қайтаруға міндеттеледі – Абонент Операторға тариф пен Шарт мерзіміне байланысты 12 000 (он екі мың), 15 000 (он бес мың), 18 000 (он сегіз мың) теңге мөлшерінде интернет желісіне қосылғандығы үшін бір реттік төлем сомасын қайтаруға міндетті. 
7) Жазбаша өтініш бойынша өз номерін анықтамалық-ақпараттық қызмет абоненттерінің тізіміне енгізуден бас тартуға;
8) интеллектуалды қызметтерді (лотереялар, дауыс берулер, телевикториналар, викториналар, анықтамалық-ақпарттық қызметтерді, танысу қызметтерін) алуға келісім беруге немесе онан бас тартуға;
9) жабдықтарды сатып алған жағдайда – жабдықтардың кепілдік мерзімі барысындағы сапа кепілдігіне ие болуға, ол сатып алу мерзімінен бастап 12 (он екі) айды құрайды.
5.5. Оператор Абонент туралы қызметтік ақпаратты үшінші тұлғаларға жариялағандығы үшін, үшінші тұлғалардың Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес жол беруге қатысты тиісті құзіреттіліктері болған жағдайлардан басқа уақытта жауакершілікте болады.
5.6. Оператор мына мәселелерге жауапкершілікте болмайды:
1) егер жергілікті желілерге қосылған абоненттік жабдықтар Оператордың ресми сайтында жарияланған қолдануға ұсынылған жабдықтарының тізіміне енбеген болған жағдайдағы мәліметтер берудің жылдамдығы мен сапасы үшін;
2) Абоненттің Қызметтерді пайдалану нәтижесінде тартқан шығындары үшін;
3) Операторға тиесілі емес бағдарламалық қамтамасыз етілулердің немесе жабдықтардың бұзылуы салдарынан болған үзілістер үшін;
4) үшінші тұлғалар ресмилендіретін дүние жүзілік интернет желісінің жекеленген бөліктерінің немесе ресурстарының қол жетімсіздігі үшін. Мұндай қол жетімсіздіктер байланыстың үзілістері болып табылмайды. Оператор интернет желісі арқылы уақытша немесе тұрақты түрде қол жетімсіз болып табылатын мәліметтер беру тораптарымен немесе серверлермен ақпарат алмасу мүмкіндіктеріне кепілдеме бермейді.
5) Абоненттің бережақтарын төлемеу жағдайларында Қызмет көрсетудің тоқтатылғандығы үшін;
6) Абоненттің аутентификациялау/авторизациялау мәліметтері мен сәйкестендіру/тіркеу кодын үшінші тұлғаларға мәліметтер беруінің, олардан Қызметтер алуының нәтижесінде Абонент пен үшінші тұлғалардың арасында туындаған даулар үшін жауапты емес және Абонент пен үшінші тұлғалар арасында мұндай даулар туындаған жағдайда оларды шешпейді;
7) Оператордың техникалық құралдардың жұмыс жасау қабілеттерін және дамытылуын қолдау үшін қажеттіліктен туындаған жабдықтарды ауыстыру, бағдарламалық қамтамасыз ету немес басқа да жұмыстарды жүргізумен байланысты толықтай немесе ішінара туындаған Қызмет көрсетудің үзілістері үшін, егер Оператор мұндай жұмыстардың жүргізілетіндігі туралы олардың өткізілу мерзімінен 3 (үш) жұмыс күнінен кем емес мерзім аралығында ескертетін болса;
8) Операторға қатысы жоқ байланыс қызметтерін көрсетудегі үзілістер үшін;
9) Абоненттің Оператордың телефонмен берген кеңесінің нәтижесінде алған нұсқамаларын дұрыс орындамағандығы нәтижесінде туындаған, Абонент үшін жағымсыз салдарлар үшін;
10) Абоненттің жарақсыз және/немесе Оператордың талаптарына сай келмейтін абоненттік жабдықтарды пайдаланғандығынан туындаған Қызметтердің қанағаттанарлықсыз сапасы, Қызмет көрсету мерзімдерінің өзгеруі немесе кідірістері үшін;
11) өзге байланыс операторларының көрсететін қызметтерінің сапасы үшін;
12) Абоненттің Қызметтерді пайдалану кезіндегі жіберген (алған) ақпараттарының мазмұны үшін;
13) базалық стансаның орналасқан ауданына тәуелді болатын интернет желісіне сымсыз қол жетімділік ұсынылғанда, оның базалық стансадан алыстағаны, мөлшерден тыс жүктеме түсу сағаты, қосылу кезінде қызмет көрсетілетін абоненттер санына байланысты туындаған жылдамдығы мен сапасы үшін;
5.7. Абонент жауапты болады:
1) Осы Шарт және Қазақстан Республикасының әрекет етуші заңнамалары бойынша міндеттемелерді орындауға;
2) аутентификациялық мәліметтер мен сәйкестендіру/тіркеу кодын үшінші тұлғалардың пайдаланғандығы үшін;
3) көрсетілген Қызметтер құны мен аударылған өсімпұлдарды уақтылы төлеуге;
4) SIP-аккаунтты тек Абоненттің тіркелген мекен-жайы бойынша ғана қолдануға;
5) бейнебақылау жолымен, оның ішінде оны заңсыз қолдану арқылы алынған мәліметтерді таратуға;
6) Абоненттің жауапкершілігінде сақталған Оператордың жабдықтарын дер кезінде, жарақты күйде және тиісті түрде қайтаруға, бұл болмаған жағдайда Абонент Операторға жабдықтың тиісті құны мөлшеріндегі шығынның орнын толтырады.
5.8. Оператор Абонентті оның таңдаған тарифтік жоспарынан басқа тарифтік жоспарға аударуға құқығы жоқ, ол тек осы әрекет ететін тарифтік жоспар жойылған (толықтай күші жойылған) уақытта ғана жүзеге асырылады, бұндай жағдайда Абоненттерге Қазақстан Республикасының заңнамаларында көрсетілген тәртіппен, тарифтік жоспардың  жойылуынан 30 (отыз) күнтізбелік күннен кем емес уақыт ішінде алдын ала хабарлама жасалуы тиіс. Егер көрсетілген мерзім ішінде Абонент басқа тарифтік жоспарға ауыспаған жағдайда, Оператор Абонентке өзге, жойылған тарифке ұқсас басқа бір әрекет етуші тарифпен қызмет көрсетуін жалғастыра береді.
5.9. Тараптарға Тараптардың құқықтарын шектейтін, болмаса Қазақстан Республикасының әрекет етуші заңнамаларын бұзатын әрекеттерді жасауға тыйым салынады.
 5.10. Тараптар, осы Шарт бойынша өздеріне жүктелген міндеттемелерді толықтай немесе ішінара орындаудан, болмаса оларды кідіртуге қатысты жауапкершіліктерден, егер мұндай әрекеттер табиғи апаттар, ереуілдер, әскери қимылдар, сондай-ақ, туындауын Тараптар алдын ала көре және олардың алдын ала алмайтын жағдайлар секілді ырықсыз күштердің салдарынан туындаған жағдайда босатылады.
5.11. Байланыс құралдары мен желілерінің ахуалдары үшін жауапкершілік оларға қызмет көрсетудің бөліну шекаралары (пәтер, ғимарат, қоршалған территория және т.б.) және/немесе баланстық тиесіліктері бойынша анықталады. Бөліну шекараларына дейінгі байланыс желілеріне қызмет көрсету Абоненттің өз бетінше және өз қаражатына, ал бөліну шекараларынан тыс жерлерде – Оператордың күшімен жүргізіледі.

6. Қызметтерді ұсынудың ережелері

6.1. Желіге қосылудың шарттары:
6.1.1. Желіге қосылуды «CompasTeleCom» ЖШС мамандары Клиенттiң жазбаша немесе электрондық түрде берген өтінімі негізіне сәйкес, мына шарттарды сақтай отырып жүзеге асырады:
6.1.2. Абонент «Қосылу өтінішінде» көрсетілген пәтердің (жайдың) меншік иесі немесе осы пәтерде тіркелген болуы тиіс, болмаса Абонент пәтердің меншік иесінің (жайдың) қосылуға қажетті монтаждық жұмыстарды жүргізуге жазбаша келісімдік растамасын ұсынуы қажет.
6.1.3. Қосылуға деген техникалық мүмкіндік: яғни Абоненттің компьютерінен кабель бойынша 100 м қашықтықта, Желінің жақын орналасқан торабында желінің бос қол жетімді порты бар.
6.1.4. Абоненттің пәтеріне дейін кабель тартудың және Компания мамандарының оның пәтерінде монтаждық жұмыстар жүргізу үшін қол жетімділіктің мүмкіндіктері қамтамасыз етілген.
6.2. Тұрғылықты мекен-жай орнын ауыстырған кезде Абонентпен жасалған Шарт бұзылады. Жаңа тұрғылықты мекен-жай бойынша жаңа Шарт жасалады.
6.3. Желідегі сәйкестендіру:
6.3.1. Абоненті сәйкестендіру және оның қызметке қол жеткізу құқықтары үшін локальды желіде Абоненттің сәйкестендіру реквизиттері: Шарттың (қосуға берілген өтініштің) номері, желіге және жекеленген Қызметтерге қол жетімділіктің сәйкестендіру коды (login) мен паролі, қосылу нүктесінің сәйкестендіру реквизиттері қолданылады. Сәйкестендіру реквизиттерін Оператор қалыптап, Абонентке Желіге қосылған кезде немесе Абоненттің оларды жоғалтып алған жағдайларында жабық конвертте береді
6.4. Желіде жұмыс жасау кезіндегі шектеулер:
6.4.1. Желіде жұмыс жасау кезіндегі шектеулер жариялы желілерде жұмыс жасаудың жалпыға бірдей қабылданған жұмыс нормаларына негізделген және Желінің әрбір абонентінің іс-әрекеттері өзге абоненттердің жұмысына кедергі болмауына бағытталған.
6.4.2. Абонент Оператордың Желіде жұмыс жасау бойынша нұсқауларын, сонымен қатар, интернетте жалпыға бірдей қабылданған, болмаса Қазақстан Республикасының байланыс қызметтеріне арналған әрекет етуші заңнамалары мен нормативтік актілерімен тікелей белгіленген ережелерді орындауға міндетті.
6.4.3.  Оператордың Желінің қалыпты жұмыс жасауына немесе Интернетке қол жетімділікке кедергі болатын кез-келген желі ішілік сервистерді тоқтатуға, жабуға немесе оларға тыйым салуға құқығы бар.
6.4.4. Оператор Абонентке (Абоненттің ІР-мекен жайына) тек Абоненттің (Абоненттің ІР-мекен-жайынан) қажет етілген Интернет-трафикті беруді қамтамасыз етіп, мұндай трафиктің көлемі мен мазмұны үшін жауапкершілікті алмайды. Абоненттің ІР-мекен-жайына алынған кез-келген Интернет-трафик, Абоненттің сұранысы болып табылады және оған Абонент өзінің дербес шотының жағдайы мен өз жабдықтарының (компьютерінің) белсенділігінен тәуелсіз түрде ағымдағы тарифтік жоспары бойынша төлем жасалады.
6.5. Желіде жұмыс жасау кезінде Абонентке тыйым салынады:
6.5.1. Желіге Оператордың келісімінсіз 1 (бір) компьютерден, сондай-ақ, кез-келген коммуникациялық құрылғыдан артық қосуға;
6.5.2. Оператордың келісімінсіз Желіде және Интернетте жұмыс жасау үшін ДК желілік баптауларының параметрлерін өзгертуге;
6.5.3. Жеке сәйкестендіру реквизиттерін (қол жеткізу логині, парольдері) үшінші тұлғаларға беруге;
6.5.4. Оператордың қызметін үшінші тұлғаларға Оператордың келісімінсіз қайта сатуға, сондай-ақ, Оператордың байланыс арналарын өзге операторлар мен байланыс желілерінің ену және шығу трафиктерін өткізу үшін пайдалануға;
6.5.5. Жеке сәйкестендіру реквизиттерін (қол жеткізу логині, парольдері) өзге абоненттердің желіде жұмыс жасауы үшін пайдалануына;
6.5.6. Желіге өзге Абоненттердің, Оператордың қызмет көрсетуші тұлғаларының және өзге де тұлғалардың ары мен намысын қорлайтын ақпараттарды тарату мен беруге.
6.5.7. Қызметтерді заңсыз пайдалануға: заңнамалық тәртіппен тыйым салынған, сондай-ақ, әрекет етуші заңнамаларға немесе реттеуші актілерге қайшы келетін, оның ішінде авторлық құқықтарды бұзумен, сауда маркалары мен тауар белгілерін заңсыз қолданумен, ақпарат иелерінің рұқсатынсыз құпия мемлекеттік немесе коммерциялық ақпаратты жариялаумен, экспорттық-импорттық заңнамалармен, нәсілдік және ұлттық төзімсіздікпен, порнографияны таратумен және басқаларымен байланысты материалдар мен ақпараттарды таратуға немес сақтауға және басқа да кез-келген іс-әрекеттерді жасауға.
6.5.8. Желінің қол жетімділігін рұқсат етілмеген және авторланбаған (яғни, иесінің нақты рұқсатынсыз) ақпаратқа қол жеткізуге және қол жетімділік интернет арқылы мүмкін болатын локальды желіге және басқа да желілерге қосылған компьютерді бүлдіруге, сондай-ақ, бұл мақсатқа арналмаған ресурстарды (яғни, қызметтерді, сервистерді, желілерді, жүйелерді, мәліметтер мен ақпараттарды) пайдалануға.
6.5.9. Авторланбаған түрде жүйеге енуге немесе ресурстарды пайдалануға, ресурстарға қол жетімділікті бақылау жүйелерін бұзуға, өзгертуге, оларды еңсеруге, бүлдіруге (яғни аутентификациялауға, авторлануға, тарифтеуге және жүйелік мониторингтеуге); желіні сканерлеуге, тестілеуге талпыну мен ресурстарға қол жетімділікті бақылау жүйелерін бұзу тәсілдерін іздестіруге; иелері авторланбаған мәліметтер мен трафикті ұстап алуға, мониторингтеуге, өзгертуге немесе қайта бағыттауға.
6.5.10. Сервистердің, желілердің, арналар мен жүйелердің қалыпты жұмыс жасауына кедергілер құруға, оның ішінде жүйелерді қайта жүктеуге және кең түрдегі шабуылдарға талпыныстар жасауға (Компаниямен келісілмеген кең көлемдегі хабарлаушы пакеттердің негізінде жұмыс жасайтын кез-келген бағдарламаларды пайдалану бөлінген кең көлемдегі хабар тарату ретінде қарастырылады).
6.5.11. Желідегі пакеттердің мекен-жайлық бөлігі мен құрамын, оның ішінде электронды почтаның хабарламаларын өзгертуге, модификациялауға, сондай-ақ, авторланбаған енудің кез-келген типтері мен ресурстарын авторланбаған түрде пайдалануға.
6.5.12. Локальды желілер мен интернет көмегімен қол жетімді болатын өзге де желілердің Абоненттеріне коммерциялық ақпаратты таратудың белгіленген ережелеріне сай емес түрде жүзеге асырылатын, оның ішінде алушының келісімінсіз немесе алушының шағымын тудыратын рұқсат етілмеген коммерциялық және өзге де ақпаратты таратуға, жарнамалық, ақпараттық және коммерциялық мазмұндағы материалдарды жаппай таратуға.
6.5.13. Электрондық почта мен телеконференциялардың серверлерін иелерінің келісімінсіз интернетке рұқсат етілмеген жолмен пайдалануға, телеконференциялардың бірнеше топтарына немесе почта парақтарына бірдей немес ұқсас хабарламаларды рұқсат етілмеген жолмен жаппай таратуға.
6.5.14. Оператордың келісімінсіз жариялы қызметтер мен сервистерді орнатуға және қолдануға.
6.5.15. Қызметтерді пайдалану арқылы әдейі залал келтіруге.
6.6. Жоғарыда келтірілген Абоненттің құқыққа қайшы әрекеттерінің тізбесі түбегейлі болып табылмайды. Абоненттің желінің кез-келген қалыпты жұмысына немесе өзге Абоненттердің интернетке қол жетімділігіне кедергі жасайтын қай әрекеті болмасын Оператордың бақылауына алынуы және оған тыйым салынуы мүмкін.
6.7. Техникалық қызмет көрсету тәртібі.
6.7.1. Оператор Желінің әр күн сайын тәулік бойғы қызмет етуін қамтамасыз етеді және мәліметтерді берудің ақауларын, үзілістерін немесе сапасының нашарлауларын болдырмауға деген барлық шараларды жүзеге асырады.
6.7.2. Желіде үзілістер туындаған немесе жұмыс сапасы нашарлаған уақытта Абонент бұл туралы Оператордың техникалық қолдау қызметіне 8-776-0-741-715 номеріне (жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін) хабарласады. Барлық хабарласулар тіркеледі, әңгіме автоматты түрде жазылып алынады.
6.7.3. Оператордың мамандары әрбір өтінім бойынша зақымданудың себептерін анықтайды. Оператордың жауапкершілік аймағында туындаған жарамсыздық болған кезде оларды жою бойынша шараларды жүргізіп, Абонентті атқарылған шаралар туралы хабардар етеді.
6.7.4. Желі жұмысындағы олқылықтар қысқа мерзімде, Абонетттің өтініші қабылданғаннан 72 (жетпіс екі) сағат ішінде жойылады, оның уақыты зақымданудың сипатына байланысты болады.
6.7.5. Жоспарлы жөндеу-профилактикалық жұмыстар жүргізу кезінде қызметтердің сапасы уақытша төмендеуі және Абоненттің Желіге қол жетімділігі тоқтауы ықтимал. Оператор Абонентті жұмыстардың жүргізілетіндігі туралы олардың басталуынан 24 сағаттан кем емес уақыт ішінде хабардар етеді. Жоспарлы жөндеу-профилактикалық жұмыстарының жалпы көлемі айына 24 (жиырма төрт) сағаттан аспайды. Оператордың кінәсінен Желі жұмысында және Қызмет көрсетуде 48 (қырық сегіз) сағат бойы үздіксіз үзілістер туындаған (келісілген жоспарлы жөндеу-профилактикалық жұмыстарды жүргізген жағдайлардан басқа) кезде, Оператор Абоненттің өтінімі бойынша Абоненттің төлем жасаған Қызметтерінің әрекет ету мерзімін Қызметтер көрсетілмеген күндерге арттырады.

7. Жабдықтарды пайдаланудың шарттары

7.1. Абонентке Интернет қызметін көрсету үшін Оператор қабылдау-тапсыру Актісіне сай жабдықтарды (мұнан әрі «Жабдықтар») уақытша иемденуге және пайдалануға береді, оны Оператор заңды негізде иеленеді.  
7.2. Жабдықтар жұмысқа жарақты күйде беріледі. Жұмыс жасау ахуалы жабдықты беру кезінде жабдықтарды қабылдау-беру Актісіне қол қоюдың алдында тексеріледі. Жабдықтар осы Шарттың барлық әрекет ету мерзіміне беріледі.
7.3. Абонент Жабдықтарды оның мақсатына және арналған тиісті қызметіне сәйкес қолданады. Оны күту мен жұмыс жағдайын қолдауға деген шығындарды төлейді.
7.4. Жабдықтар Оператордың кінәсінсіз істен шыққан жағдайда (яғни, Жабдықтарға сыртқы немесе ішкі механикалық, ылғалдылық, химиялық, температуралық әсердің белгілері болған кезде), Жабдықтарды жөндеу Абоненттің есебінен жүзеге асырылады. Жөндеу мүмкін болмаған жағдайда Абонент осы Шарттың № 2 Қосымшасының 1-тармағында көрсетілген ақшалай соманы төлейді.
7.5. Оператор Жабдыққа осы Шарттың № 2 Қосымшасының 1-тармағында көрсетілген кепілдік мерзімінің барысында сапа кепілдемесін береді. Кепілдеме мерзімі өткенннен соң Жабдықты немесе оның бөліктерін алмастыру жүргізілмейді.
7.7. Абонент берілген Жабдықтар үшін толықтай материалдық жауапкершілікте болады, Тараптар жабдықтарды қабылдау-беру Актісін жасайды.
7.8. Жабдықтар жоғалған немесе бүлінген жағдайда, Абонент Операторға оның анықталған мерзімінен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде толық құнын қайтаруға міндеттеледі.
7.9. Осы Шарт бұзылған жағдайда Абонент Жабдықтарды Операторға Шарттың бұзылған сәтінде толық жинақтық күйде, тауарлық түрде (қалыпты тозуын ескере отырып); жарақты ахуалда, болмаса сыртқы немесе ішкі механикалық, ылғалдылық, химиялық, температуралық әсердің белгілерінсіз қайтаруға міндетті. 
7.10. Оператор мен Абонент арасында осы шартқа және оның қосымшаларына немесе Тараптардың кез-келгенініңқай-қайсысының міндеттемелерін орындаумен, болмаса орындамаумен байланысты кез-келген даулар мен келіспеушіліктер туындаған жағдайда, бұл даулы мәселелер осы Шарт шеңберінде шешіледі.
7.11. Абонент Жабдықты сатып алған жағдайда, Оператор жабдыққа сапа кепілдігін береді, кепілдік мерзімі сатып алынған күннен бастап 12 (он екі) айды құрайды. Кепілдік мерзімі өткеннен кейін Жабдықты немесе оның құрамдас бөліктерін ауыстыру жүргізілмейді. Бұл ретте, Жабдықтың құны Абоненттің жеке шотын толықтыру арқылы төленеді, және аталған сома осы шоттан шегеріледі.

8. Келіспеушіліктерді шешу тәртібі

8.1. Тараптар осы Шарттың талаптарынан туындауы мүмкін кез-келген даулы сұрақтардың, келіспеушіліктердің, болмаса кәнарат-талаптардың келіссөздер жолымен реттелуіне әкелетін тиісті шаралар қабылдаулары тиіс.
8.2. Оператордың осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамаған немесе тиісті дәрежеде орындамаған кезінде Абонент сотқа жүгінбестен бұрын Операторға қоятын талаптары көрсетілген жазбаша себептемелі кінәрат-талабын жіберуге міндетті.
8.3. Кінәрат-талаптар Оператор тарапынан наразылықты тіркегеннен соң 30 (отыз) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қарастырылады.
8.4. Даулар Қазақстан Республикасының әрекет етуші заңнамаларына сәйкес сотқа дейінгі (кінәрат-талаптық) тәртіптің сақталуынан кейін ғана барып соттың қарауына берілуі мүмкін.
8.5. Реттелмеген даулар Қазақстан Республикаының әрекет етуші заңнамасына сәйкес Ақтөбе қаласында орналасқан соттарда сот тәртібімен қарастырылады.

9. Дербес мәліметтерді өңдеуге келісімдер

9.1. Абоненттің (дербес мәліметтердің субъектісін) дербес мәліметтерін өңдеу деп байланыс Операторының дербес мәліметтермен жасалатын әрекеттері, оның ішінде дербес мәліметтерін жинақтауды, жүйелеуді, сақтауды, нақтылауды (жаңартуды, өзгертуді), пайдалануды, иесіздендіруді, блоктауды, жоюды қамтитын іс-әрекеттер танылады. 
9.2. Абоненттің дербес мәліметтерін ұсынуының және оларды байланыс Операторының кезектесті өңдеуінің мақсаты болып Абоненттің байланыс Операторының Қызметттерін алуы табылады.
9.3. Абоненттің осы Шарты жасауы Тараптардан Абоненттің жай ғана жазбаша түрде орындалған мына мәліметтерді: тегін, атын, әкесінің атын; пошталық (тіркелу орны мен байланысуға арналған) мекен-жайын; Абоненттің жеке басын куәландыратын негізгі құжатының номерін, осы құжаттың берілу мерзімі мен оны берген орган туралы мәліметтерді, ЖСН, телефондар номерлерін; электронды пошта мекен-жайларын (E-mail) өңдеуге келісімі деп танылады.
9.4. Осы Шарттың 9.3. тармағында көрсетілген Абоненттің дербес мәліметтері бар құжаттар Whatsapp мессенджері көмегімен Оператордың +7 776-0-741-715 корпоративтік номерлері және info@compastelecom.kz. Электронды мекен-жайы бойынша хабарланады. Оператор Абонент алдында мәліметтерді үшінші тұлғалардан сақтауға толық жауапкершілікте болады.
9.5. Абонент осы Шарттың орындалу мақсатында байланыс Операторына жеке мәліметтерді рұқсат етілмеген қол жетімділіктен қорғауды қамтамасыз ететін іс-шараларды жүзеге асыру мақсатында төмендегі әрекеттерді жасауға құқық береді:
- жинақтау және толықтыру;
- Шарттың әрекет ету мерзімі ішінде және нормативтік құжаттармен белгіленген есептерді сақталу мерзімінен кем емес, бірақ осы Шарттың әрекетінің тоқтатылу уақытынан үш жылдан аз емес уақыт аралығында сақтау;
- нақтылау (жаңарту, өзгерту);
- пайдалану;
- жою;
- иесіздендіру.
Егер байланыс Операторы оның қабылдаған іс-шаралары дербес мәліметтерді толықтай қорғауды қамтамасыз ете алмайды деп санаса, Абоненттің дербес мәліметтері Абонент қызметінің жұмысқа қабілетсіздігіне әкелмейтін болса, олар иесізденген түрде берілетін болады.
9.6. Дербес мәліметтерді өңдеуге келісімді кері қайтару Абонерттің Оператордың мекен-жайына қарапайым жазбаша түрде тиісті нұсқама жіберу жолымен жүзеге асырылуы мүмкін.
9.7. Осы Шарттың талаптары мен Тараптардың осы Шарт шеңберінде алынған ақпарат Шарттың қолданылу мерзімі ішінде және ол аяқталғаннан кейін 5 (бес) жыл ішінде құпия болып табылады.
9.8. Құпия ақпарат қарсы Тараптың алдын ала жазбаша келісімінсіз қандай да болмасын үшінші тұлғаға берілмейді, оған тек мына жағдайларда ғана рұқсат етіледі:
Тараптардың бір жағы мұндай келісімсіз Құпия ақпаратты аша алады (осы Құпия ақпарат ашылған  тұлғаға қатысты бұл ашылған мәліметтерді және қандай да бір материалдық тасымалдағыштағы құжаттарды беру кезінде оның құпия екендігі туралы ескертуі қажет).
9.9. Құпия ақпаратты оны ақпараттың құпиялығын жарияламау туралы келісім шарт жасалған өзінің үлестес тұлғалары, өзінің қызметкерлері мен үлестес тұлғалардың қызметкерлері ғана аша алады.
9.10. Құпия ақпаратты кез-келген соттың, төрелік және өзге де мұндай құпия мәліметтерді ашуды талап етуге заңды құқығы бар өзге де мемлекеттік органдардың талап етуі бойынша ашу.

№1-қосымша Жабдықтарды қабылдау-беру Актісі

10. Оператордың деректемелері

«CompasTeleCom» Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестігі
БСН: 090740011859

Заңды мекен-жайы: 030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қаласы, Әлия Молдағұлова даңғылы, 54 Д



15.09.2025 ж. жария шартына

№1 Қосымшасы 

АКТ

жабдықты қабылдап алу-тапсыру туралы


«CompasTeleCom» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (бұдан әрі – Оператор), байланыс технигі, жобалау инженері _________________________________ атынан әрекет ететін өкілі, және__________________________________________________
(Абоненттің Т.А.Ә.)______________________________________мекенжайы: Ақтөбе қ., ____________________________________
 (бұдан әрі – Абонент), келесі жайында осы актіні жасады:
1. www.compastelecom.kz сайтында жарияланған Жария шартқа және оған қосымшаларға сәйкес, Оператор жабдықты Абонентке келесі кестеге сәйкес тапсырады, ал Абонент оны қабылдайды:

Жабдықтың атауы

Саны

Жабдықтың сериялық №

ҚҚС-ты қоса алғандағы сома

Күні

Ескерту

1







2







3







4







5








Барлығы:






2. Жабдықтың Жария шарт талаптарына сәйкес жеткізілген жалпы құны____________________________________________),
ҚҚС-ты қоса есептегенде.
3. Абонент қабылдап алған жабдық Жария шарт пен оған қосымшаларда көрсетілген сапа және ассортимент талаптарына сәйкес келеді. Абоненттің жабдыққа қатысты ешқандай наразылығы жоқ.
4. Осы акт мемлекеттік және орыс тілдерінде екі данада жасалды және екі тараптың заңды өкілдерімен қол қойылды. Әр тарапта бір данадан сақталады және акт www.compastelecom.kz сайтында жарияланған Жария шарттың ажырамас бөлігі болып табылады.

Материалдарды есептен шығару актісі (компания үшін): Абонент

________________________________________ _______________________________________________



Документы

Официальные документы подтверждающие деятельность интернет провайдера ТОО "Compastelecom"